Жастар әлеуетін арттыруға арналған ауқымды қадам

Жастар әлеуетін арттыруға арналған ауқымды қадам
(0 Votes)

Аудандық Жастар ресурстық орталығында «Talaptan» жобасының мүмкіндіктері туралы түсіндіру мақсатында аудан жастарымен кездесу өтті.

Алдымен облыстық «Инфо орталық» бөлімінің төрағасы Заманбек Құрақбай аталмыш жобаның мақсатын түсіндіріп, кездесуде сөз сөйлейтін модераторлармен таныстырды.

«Тalaptan» жобасы — қазіргі жастардың өз мүмкіндіктерін ашуына, кәсіби білім алып, жеке ісін бастауына және ел дамуына үлес қосуына жол ашатын бірегей алаң.

Кездесу барысында жастарға берілетін мүмкіндіктер туралы «AMANAT» партиясының төрағасы Айбол Долдашев сөз алып, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында жасалған жұмыстармен таныстырды.

Келесі кезекте облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Гүлназ Едгеева «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерлікті заңдастыру туралы ақпарат беріп өтті.

Сондайақ, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы Жұмабай Қиылып ауылшаруашылық саласында кәсіп бастау бойынша түсіндіріп, аудан көлемінде өз кәсібін ашқан шаруагерлердің жұмысын таныстырса, аудандық «Мансап» орталығының бас маманы Әсет Мырзағалиев жастарға берілетін қайтарымсыз несие, 2,5% дық несие туралы мол ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Одан бөлек, жастардың басым көпшілігін толғандыратын тұрғын үй алу туралы «Отбасы банк» филиалының кеңесші маманы Гүлден Бисенғалиева  түсіндіріп, биылғы жылы ауданда  үш жас отбасы банк қызметіне жүгіну арқылы баспаналы болғандығын тілге тиек етті.

Кездесу соңында мамандар жастар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріп, кәсіп бастау, тұрғын үй алу бойынша кеңес берді.

Айта кетейік, жастарға жоба мүмкіндіктері туралы түсіндіру мақсатында бірнеше кездесулер өткізіледі деп жоспарлануда.

 

Ж.Қамза

Сурет автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT