Жақында Астана қаласында 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жариялануына орай еңбек адамының еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеру және «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында «Үздік еңбек адамы» республикалық байқауы өтті. Бұл байқау – өз ісіне адал, кәсіби шеберлігімен және өнегелі қызметімен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттап, олардың еңбегін кеңінен дәріптеуге бағытталды.
Аталмыш байқауға аудандық аурухананың дәріге жауапты мейірбикесі Балқаш Карина қатысып, жүлделі I орынды жеңіп алып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Үздік еңбек адамы» төсбелгісімен марапатталды.
«Биылғы «Үздік еңбек адамы» республикалық байқауына қатысып, жетістікке жеткеніме қуаныштымын. Адам жанынның арашасы болар қиындығы мен қызығы қатар жүрер жолда үздік атану оңай емес. Бұл тек менің емес, менімен бірге еңбек етіп жатқан әріптестерімнің де еңбегі деп білемін»,-дейді үздік атанған мейірбике Балқаш Карина.
Ж.Қамза