Тұрғындарға белсенділік жетіспейді

(0 Votes)

 Қоғамдық мәселелерді шешу мақсатында жеке азаматтар немесе заңды тұлғалар арасынан құрылған одақтар бар. Бұл одақтар ҚР заңнамасында ҮЕҰ (Үкіметтік емес ұйым) деп аталады.

Бұндай ұйымдардың мақсаты бір болады. Ұйым белгілі бір қоғамдық пайдалы мәселелерді шешу мақсатында және өз идеяларын жүзеге асыру үшін құрылады. Азаматтар ортақ қызығушылықпен бірлескеннен кейін, жұмыстары нақты бір нәтижеге жетуге бағытталған. Мемлекеттің жұмыс күші мен бюджеті жетіспейтін қызмет түрлерін тұтынушыға ұсынады. Ортақ шешіммен құрылған ұйымдар түрлі бағыттар бойынша жұмыс жасап, Үкіметтік емес ұйымдар секторын құрайды.

Аптаның алғашқы күнінде аудандық жастар ресурстық орталығының ғимаратында облыстық Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығының ұйымдастыруымен «Бізге үкіметтік емес ұйым не үшін қажет?» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Үкіметтік емес ұйымдардың мақсаттары мен құрылымын түсіндіру мақсатында өткен семинарға жергілікті белсенді жастар, азаматтық қоғам өкілдері, әкімдік мамандары және білім саласының қызметкерлері қатысты. Түсіндіру жұмыстарын коуч, тренер-фасилитатор, бизнес команданы қалыптастыруды үйрететін жетекші Асқар Секербаев жүргізді. Ол жиналғандарға әртүрлі әдіспен үкіметтік емес ұйымдардың негізгі принциптерін ұғындырып, ауданның мәселесін шешу жолында белсенділік танытуға шақырды.

А.ЕСЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT