«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа кандидат Абзал-Сенбі Самаликов Мақат локомотив пайдалану депосының қызметкерлерімен онлайн кездесу өткізді.
Кездесуге қатысқан сайлаушыларды алдағы өтілетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырған А.Самаликов партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Басты бағыттар мен басымдықтарға тоқталды. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы негізінен халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған. Алда тұрған негізгі мәселелердің межелі тұстан шығарына сенімді партия сайлаушылардың партияға дауыс беріп, жарқын болашағымыз үшін таңдау жасайтынына нық сенімді.
-2020 жыл біз үшін үлкен сынақтардың жылы болды. Коронавирус пандемиясы біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертіп, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етті. Біз басты құндылық – адамның өмірі мен денсаулығы екенін түсіндік. Қазақстан да әлемнің басқа елдері секілді ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, қызмет көрсетіп тұрған жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін сондай-ақ, облысымызды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салады, – деді А.Самаликов.
Кездесу соңында үміткер теміржолшылардың сұрақтарына жауап беріп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Өз кезегінде теміржолшылар толғандырған мәселені алға қойып, тілектерін жеткізуді сұрады.
"МТ"
«Nur Otan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді