Бүгін облыс əкімнің орынбасары Қайрат Бекенов облыс орталығындағы бірнеше əлеуметтік жəне инфрақұрылымдық нысандардың құрылыс барысымен танысты.
Облыс әкімінің орынбасары Талғайраң ауылындағы тұрғын үй кешенінің құрылысы бойынша сыртқы инженерлік желілердің жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтау жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды.
Жалпы тұрғын үй кешенінің құрылысын 2021 жылдың соңына дейін пайдалануға берілуін қамтамасыз ету жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма берді.
Аталған жобаның маңыздылығын ескере отырып, құрылыс барысы облыс əкімінің ұдайы назарында болатындығы айтылды.