Доссорлықтармен өткен кездесу

(0 Votes)

«Nur Otan” партиясы атынан аудандық мәслихатқа үміткерлер ауылдастарына 10 қаңтар күні өтілетін сайлау туралы және «Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Бұл шара «Есіктен-есікке» акциясы аясында өтті.

Акция барысында үміткерлер Қуаныш Исмағұлов пен Әділбек Идиятов үй-үйді аралады. 

imgonline-com-ua-resize-fzqrnxf1clb3 

"Кездесулерде “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік. Сонымен қатар 2021 жылдың қаңтар айының 10 жұлдызында өтетін сайлауда “Nur Otan” партиясы өкілдеріне дауыс беруге шақырдық", – дейді Қ.Исмағұлов.

Екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жастарға көмектесу, баспана мәселесін шешуде дұрыс жол көрсету, Доссордың көркін одан әрі құлпырту. Аудандық мәслихаттың депутаты болуға ниетті дәрігер Әділбек Идиятов сайлауалды бағдарламасында осы жайттарға назар аударғаны белгілі. Бұдан бөлек те мәселелер баршылық.

imgonline-com-ua-resize-rj4kpc62lhybpqo

imgonline-com-ua-resize-ze2egoqiiy79qu

«Ел мүддесі жолында жасаған жұмыстары да аз емес. Әлі де болса болашақта жасалар жұмыстар көп. Сондықтан да бізбен бірге болыңыздар» дейді үміткерлер кездесу барысында. Өз кезегінде ауыл тұрғындары да ой-пікірлерін ортаға салып, үміткерлерге сәттілік тіледі.

"МТ"

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Мақат ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521