Ұрыдан ұят, құдықтан қақпақ кетті...

(0 Votes)

Қазір аудан көшелерінде салқын су және кәріз құбырларына арналған жүздеген құдық бар.

Осы құдықтар мәселесіне қатысты «Атырау су арнасы» КМК-ның аудандағы өкілі Қ.Төлеуовтің айтуынша, орталық көшелерде орнатылған су және кәріз құдықтарының қақпағын ұрлау оқиғасы жиілеп тұр.

Атап айтсақ, орталық базар маңында орналасқан КПД № 4,5 үйлердің алдындағы 4 бірдей құдықтың қақпағын қолды етсе, келесі күні 4-ауылдың және «Болашақ» ықшам үйлерінің алдында орналасқан құдықтың қақпағын ұрлап әкеткен. Қақпақтардың ұрлануы қанша әрекет жасалса да тыйылар емес. Бұл өз алдына жұртшылық үшін өте қауіпті екені де белгілі. Сол сияқты, көлік қозғалысы үшін де қауіпті. Негізінен, құдық қақпақтары металл сынықтарын қабылдау орындарына тапсыру мақсатында ұрланады. Бұл-мекеме үшін үлкен шығын. Өйткені қазіргі күні бір қақпақтың құны шамамен 7000 теңге тұрады. Қақпақтарды қолды етіп, ақша табудың оңай жолын тапқан жандар қаншама бауырларының өміріне қатер төндіріп тұрғанын ойдан шығарғандай.

Темір-терсекті саудалауға машықтанып тиын табудың тетігіне айналдырғандардың қарасы азаяр емес, тіпті ұрлыққа алдын ала дайындалып келетіндері де бар. Мұны тыныш жатқан орнынан қозғалып кеткен қақпақтардан аңғаруға болады. Ұрланған темірден тиын жасауды кәсібім деп білетіндердің жолын кесерлік шаралар жасалып-ақ жатыр.

Аталған мәселе бойынша аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазылды. Қазіргі таңда ішкі істер бөлімінің қызметкерлері темір қабылдайтын пункттерді аралап, ұрыларды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дегенмен, нәтиже шамалы. Ұрлықшылардың ісі әшкере болған жағдайда оның жазасы әділетті болады деп сенеміз. Қалай болса да, адамгершіліктің жібін аттап кеткен замандастарымыз ойланса игі болар еді.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521