Елбасы сенді, енді жауапкершілік бізде

(0 Votes)

Елбасы жыл сайынғы Жолдауында жастар тақырыбын назардан тыс қалдырған емес.

Жолдау, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. Елбасы осыған дейін жүктелген жұмыстың нәтижесіне тоқтала кетіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін айқындады.

Жолдауда мемлекет басшысы еліміздегі медицина, білім, сот, құқық қорғау, бизнес, туризм т.б салаларын дамытуға оң серпін беретін тапсырмалар жүктеді. Жалпы айтқанда, жан-жақты қамтылған. Халықтың бүгінгісі мен ертеңгісін саралап, міндеттерді айқындаған бұл Жолдау даму барысындағы ұлттық идеологиямызды дамытудың өзегіне айналады деп есептеймін.

Жолдауды қолдай отыра, айтылған әрбір тақырыпқа жеке-жеке тоқталып, жастар арасында түсінік жұмыстарын жүргізетін боламыз. Елбасы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялап, жастарға әрбір салада қолдау керек екендігін атап өтті. Жастар үшін бұл үлкен мәртебе. Президентіміздің жастарды ерекше атап өтуі, бізге, жастарға үлкен жауапкершілік артады. Жастарға берілген сенім жаңа мүмкіндіктер деп білеміз. Сондай-ақ бұл жолда аянбай еңбек етеміз.

Ғалымжан ОРЫНБАЕВ,

мұғалім.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521