Қора-қопсыны жинақтауға асығар емес

(0 Votes)

«Тазалық табалдырықтан» демекші, жылдағы дәстүр бойынша санитарлық тазалық жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және ауыл елді мекендерінің санитарлық жай-күйі мен көріктендірілу жөнінде екі айлық байқау өткізу туралы аудан әкімінің 2018 жылғы 16 мамырдағы №68 қаулысын басшылыққа алып, тазалық, көркейту, көгалдандыру жұмыстары Бәйгетөбе ауылдық округінде де жалғасын тауып келеді.

Халқымыздың салауатты тұрмысын жақсарту мақсатымен елді мекенде үнемі тазалық жұмысы жүргізіліп, айналаны көгалдандыру – үлкен міндет етіп қойылды. Аталған айлық бойынша іс-шаралар жасақталып, ауылдағы барлық мекемелер мен кәсіпорындарға таратылды. Әр аптада сенбілік ұйымдастырылып, округ аймағы тазаланып отырады.

Айлық басталғалы 4 рет сенбілік өткізіліп, оған 35 адам қатысты. Ал, округтен 115,1 м.куб қордаланған қатты қоқыс қалдығы шығарылды. Бұл жұмыстарға «Тазалық-Көгал» ЖШС-нің 1 арнаулы техникасы пайдаланылуда. Осы уақыт ішінде балалар ойын алаңшасы, ауыл арасы, жол жиектері, полигон аймағы тазаланды.

Екі ай және апталық іс-шара негізінде сауда нысандары, ғимарат айналаларын тазалау туралы ескерту парағы таратылды.

Әркім өздеріне бекітілген аймақты тазалап, сенбілікке бір кісідей ат салысып келеді. Олардың қатарында «Сырым», «Айдана», «Айша Бибі» дүкендері бар. Сондай-ақ, тазалық жұмысына белсенді қатысушылар қатарында Бәйгетөбе мектеп бөбек-жай кешенінің қызметкерлері, Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппаратының ұжымы, «ҚазТрансОйл» мекемесінің қызметкерлері бар.

«Ауылына қарап азаматын таны» демекші, ауыл келбетін түзеу үшін тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізудің де мәні зор. Осы ретте округ мамандары тұрғындарды аула тазалығына мән беруге шақырудан жалыққан емес. Десек те, мал ұстайтын адамдардың әлі де болса, көше келбетіне нұқсан келтірер көрініске себепші болып тұрғаны жасырын емес.

Тазалық - күн тәртібінен түспейтін тақырып. «Тазалық-саулық негізі, саулық – байлық негізі» демекші, жанымыздың тазалығымен болашағымыз үшін біріге қызмет етсек, жұмыла көтерген жүк жеңіл болмақ. Әсіресе, ауылдағы санаулы көшелердің тазалығына үлкен мән беру қажет. Ауылдың таза да сәнді болуына күш жұмсап, апта сайын өтетін сенбіліктерге бір кісідей атсалысайық, ағайын!

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521