Референдумға дайындық қалай жүруде?

Референдумға дайындық қалай жүруде?
(0 Votes)

Қазақстан үлкен жауапкершілік жүктейтін АЭС сияқты ірі жоба бойынша шешім қабылдайтын кезеңге таяды. Президент Жарлығына сәйкес, елімізде 6 қазан күні атом электр станциясын салуға қатысты жалпыұлттық референдум өткізіледі. Қазіргі таңда ауданда референдумды ұйымдастыру мәселелеріне қатысты дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Рахман Мақсотов референдумды өткізу жөнінде бірқатар сұрақтарға жауап берді. 

- Рахман Мағзомұлы, АЭС салу жөніндегі референдумға дайындық барысы қалай? Алда өткелі тұрған референдумды әзірлеу мен өткізу барысындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсаңыз?

- Жалпы, аудан бойынша референдумға дайындық жұмыстары 3 қыркүйектен басталды. Атап айтқанда аудандық аумақтық референдум комиссияларының құрамы сонымен қатар, учаскелік референдум комиссияларының құрамдары, шекаралары облыстық газеттерге жарияланды. Сондай-ақ, учаскелік референдум комиссиялары 15 қыркүйектен бастап жергілікті атқарушы органнан сайлаушылар тізімін алып, референдумға байланысты шақырту қағаздарын таратуда.

- Ауданымызда учаскелік референдум комиссиялары өз жұмыстарын бастағаны белгілі. Жалпы олардың дайындығы қандай?

Иә, аудан бойынша 1 аумақтық референдум және 12 учаскелік референдум комиссиясы жұмыстарын жасауда. Оның ішінде Мақат кентінде - 6, Доссор кентінде - 5 және Бәйгетөбе ауылдық округінде 1 референдум комиссиясы бар. Аумақтық референдум комиссиясында 7 мүше, учаскелік референдум комиссиясында 84 мүшесі референдум процестері бойынша жұмыстарын жүргізіп жатыр. Учаскелер түгел қажет материалдық-техникалық жабдықтармен қамтылған. Қазіргі таңда тұрғындарға референдумның маңызын, таңдаудың өздеріне ұсынылғанын ұғындыратын ақпараттық жұмыс жүргізілуде.

- Аудан бойынша қанша азамат дауыс беру құқығына ие?

- Қазіргі таңда Мақат ауданы бойынша 16303 дауыс беру құқығы бар азамат тізімге тіркелген.

- Дауыс берушілердің есіне салар жайттар бар ма?

- Референдум сағат 7:00 - де басталып, 20:00 де дауыс беру тоқтатылады. Мүгедектігі бар жандардың дауыс беруіне жағдай жасауда назардан түспейді. Сондай-ақ, референдумның алдыңғы күні және өткізілетін күні үгіт жүргізуге тыйым салынады.

- Сұхбат бергеніңізге рахмет!

Сұхбаттасқан: Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521