Ардагерлер сахна төрінде

Ардагерлер сахна төрінде
Сурет автордікі
(0 Votes)

«1 қазан Халықаралық қарттар күні» мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты ардагерлер арасында өнер фестивалі өтті. 

Шара шымылдығы «Халықтық» ұлт-аспаптар оркестрінің байырғы мүшесі Төлеген Қоңырбаевтың орындауындағы «Үкілім-ай» әнімен ашылып, осы орындаудағы «Ауылым» әнімен жалғасты.

Одан әрі Г.Құлбатырова «Айнамкөз», «Ақмаңдайлым», Ж.Оразбаева «Дудар-ай», «Арыс жағасында», Т.Төлешқалиев «Айгөлек», «Қайдасың», Ж.Исмағұлов «Қалаулым», Ә.Бүршікова «Шилі өзен», «Бәрінен де сен сұлу», М.Бисенова «Гүлдер-айым», «Қуаныш вальсі», К.Бекенова «Дүние-ай», «Әнім сен едің», Ж.Оңғарбаев «Ана туралы жыр», «Әке туралы ән», Т.Ғабдуллина «Маусымжан», «Кешікпей келем деп ең», А.Абдолова «Ақдариға», «Жолың болсын жолаушы», Ж.Исмагулов «Жұлдызым», Ғ.Өтегенова «Сәулем-ай», «Жолыққан қандай жақсы» әндерін орындады.

Сонымен қатар, кеш барысында Т.Жұмағалиев және А.Шонаев өнер фестиваліне қатысушы өнерпаз ардагерлерді сырнай аспабымен сүйемелдеп, сахнаға жаңа леп берді.

Кеш соңында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Исполов қазыналы қарттарды айтулы мерекемен құттықтап, фестивальге қатысушы ардагерлерге аудан әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлықтарын табыс етті.

Ботакөз Асхатқызы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521