Орталық мешітке жаңа кілем төселді

(0 Votes)

Жақында әлеуметтік желілерде Мақат кентінің орталық мешітіне күрделі жөндеуге көмек сұраған видео үндеу пайда болған  еді.

Расымен де салынғалы аса бір қатты жөндеу көре қоймаған құлшылық үйі, тек қосымша кіші залмен ғана толықтырылғанын білеміз.

img_5300

Жоғарыда аталған үндеуден кейін ауылдың бір топ азаматтары қалтасы көтергенінше қаражат жинап, әктеу, сырлау, кейбір бұйымдарын жаңарту секілді істерге атсалысқан болатын. Бүгін міне қасиетті жұма күні біздің редакцияға, орталық мешіттің бас имамы Біләл Сүннетқожаұлы  тағы бір жағымды жаңалықпен хабарласты. Аты-жөнін құпия ұстауды өтінген жаны жомарт жандар "Алланың үйіне" жаңа төсеніш кілемін сыйға тартыпты.

i

Жаңадан төселген жасыл кілеммен мешіт іші кіргеннен   көз тартып тұр. Сондай-ақ дәлізге төселетін кілем де жаңартылған. Игілікті істің сауабын тек жаратушысынан дәметкен жомарт жандардың бұл ісі - көпке үлгі болса дейміз.

 А.САДЫКОВ
суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521