Оралхан әлеміне оралу

(0 Votes)

Өткен аптада мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Доссор мәдениет үйінде Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы өтті.

Байқауға 11 үміткер қатысып, 3 кезең бойынша бақ сынасты. Жазушының проза және драма жанрындағы жазылған шығармаларынан, сондай-ақ, қатысушының өз қалауы бойынша поэзиялық жанрдағы бір шығарманы орындау шеберліктері сынға түсті.

Оқырман қауымды қайран қалдырған жазушының «Қар қызы», «Алтай», «Бес тиын», «Апамның астауы», «Қайдасың, қасқа құлыным?» атты туындыларымен қатар, Фариза Оңғарсынова, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерінен үзінді оқылды.

Оралхан Бөкей сомдаған сырлы әлемнің терең философиялық ойлары мен ғажайып сұлу сөздерін көрерменіне әсерлі жеткізе білген Р.Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебінің оқушысы Дильназ Рүстемқызы бас жүлдені иемденсе, аудандық орталық кітапхана оқырманы Элеонора Асланова I орын, Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Құралай Қыдырсиықова II орын, Х.Санбаев орта мектебінің оқушысы Аяулым Саламатова мен М.Баймұханов атындағы орта мектебінің оқушысы Сәндігүл Қонысқызы жүлделі III орындарға ие болды.

Барлық үміткерлер алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

М.СЕРІКҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521