Оқушылар сенбілікке белсенді қатысты

(0 Votes)

13 сәуір күні ауданымызда тазалық айлығына қатысты кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Доссордағы 15 секторда бұл күні тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке бей-жай қарамай, мекемелер бір кісідей атсалысты.

А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің ұжымы өздеріне берілген аумақты тазалап қана қоймай, 10-сынып оқушылары мен ата-аналары бірлесіп, мектеп аумағына шие және қараағаштарын отырғызды.

Орталық мешіт ұжымы мешіт ауласындағы ағаштардың бұтақтарын қырқып, реттеді.

Бұл күні кент бойынша барлығы 298 адам сенбілікке жұмылдырылды.

ЖК «Кабулов» сенбілік кезінде жиналған қоқыс толы қаптарды қоқыс тиейтін автокөлік және тіркемелі трактормен қоқыс полигонына жеткізді. Сенбілікке қатысқан барлық ұжымдар өздеріне қарасты мекеменің айналасын тазалап, жол жиектері мен және ағаштардың түбін әктеп, келесі сенбі «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясына орай егілетін ағаштарға орын дайындады. Жалпы келесі апта кентте 14 мекеме барлығы 1100 түп тал отырғызады деп жоспарлануда. Айта кетейік, «АРСМ» ЖШС-і, «АтырауЖарық» ЖШС-і, Теміржол торабы, «Доссормұнаймаш» ЖШС-і, жеке кәсіпкерлер, «Даңқ» мекемесі, «КазПетроранс» ЖШС-і, Атырау облысы бойынша апат медицина орталығы, «Казмұнайгаз» АҚ-ына қарасты бөлімшесі, «Қазақтелеком» АҚ мекемелері сенбілік басталғаннан бері маңызды шараға қосылмай келеді.

Ал, белсенділік танытып келе жатқан ұжымдар сенбілікке серпін беріп, жақсы жұмыс атқарғанын айта кеткен жөн. Олар кенттегі қоқыстарды тазартып, тазалыққа жол ашқандай болды. Енді қолдағы бар қоқысты (бос құты, қағаз, темекі тұқылы т.б.) көрінген жерге тастай салмай, арнайы қойылған жәшікке салуды ескергеніміз жөн.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521