Орақ ағамен ой бөлісті

(0 Votes)

Өткен аптада Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық балалар кітапханасының оқырман залында «Кел, жастар, оқылық!» жобасы аясында «Кітап – асыл мұра» атты жергілікті қаламгермен кездесу кеші өткізілді. Кездесуге жергілікті қаламгерлер: Орақ Деңгелбаев, Марияш Сатимова және мектеп оқушылары қатысты.

Әуелі қаламгер туындыларына шолу жасап, оны қатысушылар өзара талқылаған соң пікір алмасуға кезек берілді. Орақ ағай оқыған, ойға түйгендерін, кітап туралы қызықты деректер келтіріп, кітап жазудағы тәжірбиесімен бөлісті. Туындыны дүниеге әкелу барысындағы еңбектерімен бөліскен қаламгерлерге оқушылар сауалдарын берді. Кездесуде М.Сатимова ақиық ақын М.Мақатаевтың өлеңдерін оқып, тыңдарманын еліте түсті. Әсерлі әңгіме, ақынның өлеңі кездесудің мазмұнын толықтырып, жанға шуақ сыйлады.

Г.ИГІЛІКОВА Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521