Деннің саулығы, елдің амандығына жетер ештеңе жоқ

(0 Votes)

Ел мен жердің жағдайы осы күні кім-кімді де алаңдататыны сөзсіз. Өмірден аз ған күннің ішінде қош айтысқан азаматтардың қаралы хабарын естіп, жүрек сыздайды. Қандай асыл азаматтар, тұлғалар өтті өмірден. Біз танитын, танымайтын қаншама адам көз жұмды. Қаншама сансыз сырқат дерттің ауыртпалығын тартып жүр. Шүкір, жазылып жатқандар да бар. Барлығына көңілің алаңдайды, барлығы үшін уайымдап, тілек тілейміз.

Жан-жағымыздан індет анталап тұр. Алладан күніге амандығымызды тілеп оянамыз. Құдай да іс-әрекетімізге, ниетімізге, пиғылымызға орай беретін шығар. Сондықтан ниет түзу болсын, пейіл ақ болсын! Ең бастысы, індеттен сақтану шараларын қатаң сақтайық. Біздегі ел мен жердің тұтқасы болып отырған азаматтарымыздың сөзіне құлақ қоялық.

Иә, бірлігі бекем, тарихы терең ұлтпыз. Деннің саулығы, бастың амандығы болмаса әдет-ғұрып та, тойдың сән-салтанаты да азайып, бояуы да солғындамай ма? Олай болса, құрбан шалудағы ниетіміз Алланың разылығын табу болғандықтан, мүфтияттың құрбан айтқа қатысты бекіткен биылғы пәтуасында еш ағаттық жоқ деп ойлаймын. Арнайы сайт ашылып, төрт-түліктің бағасының аспандап кетпеуі де қадағаланып отыр. Бұл да болса, асыл дініміздің бір қараңғылықта қалып қоймағанын, заманға сай артықшылықтарды пайдалануда еш оғаштығы жоқ екенін білдіріп отыр. Бастысы, деніміздің саулығы, дініміздің қуаттылығы ғой. Алла жазса, әлі-ақ байырғыдай мереке күндерін тойлап үлгерерміз. Әзірге бас мүфтиіміз айтқандай, жанұямыздың жанынан табылып, денсаулығымызға мұқият болайық.

С.ХАЛЕНОВ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521