Мониторингтік топтар міндеттерін сақтай ма?

(0 Votes)

Қазан айының 6-сы күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан прокуратурасының ұсынысымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде аудан көлемінде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау және заңсыз тексерулердің алдын алу бағыты талқыланды. Оған аудан әкімінің аппарат басшысы Бекәділ Жайкин төрағалық етіп, аудандық кәсіпкерлер палатасы, салық комитеті, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі, прокуратура, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, төтенше жағдайлар бөлімі және мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдерімен қатар аудан кәсіпкерлері қатысты.

Аудан прокурорының орынбасары Арман Қуандықұлының айтуынша, мониторингтік топтардың өз құқықтарын асыра пайдалану және міндеттерін орындамау фактілері жиі кездесетін жағдай. Сәйкесінше кәсіп иелері тараптарынан олардың үстінен шағымдар көптеп түсуде. Осыған орай прокурор той-қонақтық жасап жатырған объектілерді тексерген кезде қандай талаптар сақталуы керектігіне тоқталып өтті.

Аудандағы тойхана иелері болса республикалық қаулы шыққаннан кейін өткізген отырыстарына қатысты салынған айыппұл қаншалықты заңды екенін, оны тойдағы кісі санына байланысты төмен қылу мүмкін бе екендігін сұрады. Алайда аппарат басшысы Бекәділ Жайкин "барлығы да заң аясында орын алып отыр, қаулыны түсінбесе кәсіпкердің өзі кінәлі" деп айтты.

img_6862

Осы тақырыпқа қатысты "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы пен кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімдерінің басшыслары ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Жалпы аудан прокуратурасымен биыл кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында аудан әкімінің және аудандық полиция бөлімінінің атына заң бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізіліп, 4 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Аудан көлемінде заң бұзушылықтарға жедел іс-әрекет ету мақсатында аудан прокурорының 25.01.2021 жылғы №1 өкімімен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде мобильдік топ құрылып, өз жұмысын жалғастыруда. Жергілікті атқарушы және бақылаушы органдардың тарапынан заң бұзушылық орын алған жағдайда Мақат кенті, Қ.Сәтбаев көшесі, 76 үй мекен жайында орналасқан аудан прокуратурасының ғимаратына келіп өтініш беру немесе телефон (3-00-72,  8 778 529 24 39) арқылы хабарлама қалдыру немесе Қазақстанның ұлттық кәсіпкерлер палатасы аудан бойынша филиалына хабарлау сұралады.

 

       А.Есжан

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521