Соңғы тәулікте оңірде 35 адам Covid-19 жұқтырған деп, хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 35 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 22 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 4 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Исатай ауданында - 2 науқас анықталды, Қызылқоға ауданында - 3 адам, Құрманғазы ауданында - 2, Мақат ауданында - 2 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 23 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 12 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 35 адам емделді.
Қазір 475 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 93, екінші облыстық ауруханада – 48 пациент,аудандық инфекциялық стационарларда - 33. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 60 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймаққа көшті.