Мерекеде мерейі үстем болған «Maqat tynysy»

(0 Votes)

Өткен аптада Индер ауданында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне және «Дендер» газетінің 85 жылдығына арналған облыс журналистерінің салтанатты шарасы өтті.

Аталмыш шараға «Maqat tynysy» газетінің ұжымы арнайы қатысқан болатын. Салтанатты шара барысында еңбектері оқырмандарға көрінбегенімен, газетті құрудағы атқаратын жұмысы ерекше, газеттің жарнама менеджері Жаннагүл Құлыншақова және «Атырау» телеарнасының аудандағы меншікті телеоператоры Бейбіт Жалмұханов облыс әкімі Н.Ноғаевтың алғыс хатына бөленді.

i

i

Ал, газеттің бет құрушысы Гүлжанар Жансұлтан облыстық Қоғамдық кеңес басшысының құттықтау хатына ие болды.

i

i

Сондай-ақ, естелікке ұялы телефон тарту етілді. Мерекеде мерейі үстем болған әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!

М.ІЗТҰРҒАНОВА,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521