"Көңілді эстафетада" жалынды жастар

(0 Votes)

"Жасыл ел" жастар еңбек жасағының сарбаздары бірінші маусымының жабылуына орай өткен "Көңілді эстафетада" бас қосты.

Жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткен бұл шара сонымен қатар, ұйымшылдыққа, достық пен ұлтжандылыққа тәрбиелеуде тамаша құрал ретінде көрініс тапты.

i

i

Жарыстың барынша әділ өтуін балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Абзал Мәлікұлы бастаған қазылар қадағалап, жеті кезеңді де жіті назарында ұстады. Қызықты ойындардан құралған әр кезеңнің өзіндік бір үйретері бардай.

i

i

Тартысқа толы жарыстың жеңіс тұғырынан бірлігіне бекемдік танытқан "Бірлік" тобының қыз-жігіттері көрінсе, "Арыс" пен "Қыран" топтары тиісінше, екінші және үшінші орындарға жайғасты. Ал негізгі олжаны татулық пен достық еншіледі.

i

i

Алғашқы маусымда айрықша белсенділік танытқан жасақ сарбаздары арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

А.Садыков,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз