Марапат үшін емес, парасат үшін тер төгейік

(0 Votes)

Аудандық мәдениет үйінде мемлекеттік қызметкерлер мен полиция қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті.

i

Аталмыш сала қызметкерлерін аудан әкімінің атынан құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев мемлекеттің іс қимылы мен тыныс-тіршілігі мемлекеттік қызметкерлер арқылы жүзеге асатынын, сол себепті әрбір қызметшінің қоғамда, жалпы елімізде маңызы зор екеніне тоқталды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші деген абыройлы атақты үлкен мәртебе ретінде алып жүруге тілекші болып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда үлкен үлес қосып келе жатқан полиция қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады.

i

i

Салтанатты жиында бір топ мемлекеттік және полиция қызметкерлері облыс, аудан әкімдерінің және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.

Құттықтау сөз алған аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Құттыбай Садықов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов алғыс білдіріп, марапат үшін емес, парасат үшін жұмыс атқарайық деген тілектестігін білдірді. Кеш соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасты.

А.Садыков,

cуреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT