Аудандық мәдениет үйінде медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік салтанатта алдымен сөз алған аудан әкімі Ринат Ибрагимов сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
«Денсаулық - адам үшін баға жетпес байлық. Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі. Медицина кәсібі - адамгершіліктің асылы. Сондықтан барлық медицина қызметкерлеріне бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларына береке тілеймін! Сіздердің кәсіби парыз бен өз мамандықтарыңыз үшін мақтаныш сезімі ардайым алға жетелесін!», - деді өз сөзінде аудан әкімі.
Одан кейін аудан басшысы бір топ қызметкерлерге өз алғысын білдірді. Атап айтқанда, аудандық аурухананың гинекологтары Г.Ізтілеуова және Н.Батырова, хирургтар А.Құрманғалиев және Г. Молдабеков, педиатр Т.Қасымқожа, жалпы тәжірибелі дәрігер Ж.Ешпатова, бас мейірбикесі Ш.Тағаниязова, мейірбике А.Демесінова аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы Г.Жұмағалиева, бактериологиялық зерттеушісі М.Халелова, «Доссор Дент» ЖК мейірбикесі Б.Алтыбаева, Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебінің медбикелері Ә.Үбиева және Г.Уақпаева марапат биігінен көрінді.
Кейін сахна төріне көтерілген аудандық мәслихат төрағасы Азамат Шаңғалаев ақ халатты абзал жандарға ізгі тілегін білдіріп, марапаттады. Аудандық аурухананың стомотологы Т.Жайлыбаев, акушерлер А.Орынбаева және Қ.Арысова, мейірбикелер Ә.Қайнарбаева, Ф.Мұқанова, М.Бермұхан, М.Жакина, қызметкерлер М.Мырзахметова, Г.Баймағанбетова, М.Сағынғалиева, Ш.Тұрышова, А.Оңғарбаева, аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкері А.Матжанова, санитарлық гигиеналық зертхананың зертханашысы А.Себековты арнайы алғыс хатпен марапаттап, гүл шоқтарын табыс етті.
Шара барысында аудандық орталық аурухана басшысының міндетін атқарушы Рысгүл Лекерқызы сала ардагерлеріне кәсіподақ ұйымының атынан қаржылай сыйлық табыстады. Салтанатты шара одан әрі аудан көркем-өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Бұл кеште сондай-ақ дәрігерлер де өз өнерлерін ортаға салды.
Айта кетейік, аудандағы екі кент, бір ауылдық округте қазір үш медициналық орталық бар. Онда 43 дәрігер, 186 медбике қызмет етеді. Алайда әлі де лор, жалпы тәжірибелік дәрігер, инфекционист, нарколог, психолог секілді мамандар жетіспейді.
Ә.ҚАСЫМ