Ауданда «Жасыл ел» сарбаздары жұмысқа кірісті

фото: egemen.kz
(0 Votes)

Елімізде маусым айынан бастап «Жасыл ел» еңбек жасағының XIX маусымы өз жұмысын бастады. Аудан бойынша биылғы еңбек маусымына 200 жасты тарту жоспарланған.

«Жасыл ел» жобасымен жастарды уақытша маусымдық жұмысқа орналастыру қызметіне 16 жастан асқан оқушылар, жоғары оқу орындарының және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қамтылады. Одан бөлек, бағдарлама «NEET» санатындағы жастарды жұмыспен қамтуды көздейді.

Биыл еңбек маусымының бірінші маусымында аудан бойынша 60 сарбаз жұмысқа тартылған. Қазіргі таңда жасақшылар ауданды көркейту, көгалдандыру мақсатында еңбек етуде. Жасылелдіктер жүктелген жұмысты жауапты орындап, қазіргі таңда егілген ағаштарды суару, абаттандыру, аудан көшелерін тазалау секілді жұмыстармен айналысуда.

Осы ретте «Жасыл ел» еңбек жасағының аудан бойынша координаторы Салтанат Айсұлтанова еңбек жасағы арнайы киімдермен қамтамасыз етілетіндігін және оларға маусым аяқталған соң арнайы жалақы төленетіндігін айтып өтті.

Айта кетейік, бүгінде жастардың күшімен елімізді көгалдандыру, елді мекен айналасын жасыл желектермен көмкеру, көркейту, сонымен қатар жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін оятуға бағытталған бағдарлама әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан емес.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT