Астана қаласында өткен 2013 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен шағын футболдан Қазақстан чемпионатында Атырау облысының намысын қорғаған Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы жеңімпаз атанып, алтын кубокты қанжығасына байлады.
Айта өтейік, аталмыш чемпионат биыл екінші рет өткізілді. Сонымен қатар, жас футболшыларымыздың бапкері, Мақат БЖСМ командасының жаттықтырушысы Ануар Теңдібай «Үздік жаттықтырушы» номинациясымен марапатталды.
Жас футболшыларымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Спортшыларымыз болашақта әлемдік ареналарда қазақтың көк туын көкке желбіретсін!
Ж.Қамза