Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі және №8 Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 24 қаңтар күні Х.Санбаев атындағы орта мектебінде сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығудың басты мақсаты – жер сілкінісі кезіндегі дұрыс іс-қимыл әрекетін үйрету.
Оқу-жаттығуға аудандық полиция бөлімі, Жедел жәрдем қызметкерлері, «ГазТрансАймақ» АҚ жалпы саны 15 қызметкер, 5 техника жұмылдырылды.
Оқу-жаттығу барысында жер сілкінісіні кезінде мектеп ғимаратынан оқушылар мен мұғалімдердің шығу әрекеттері, дұрыс іс-қимылдары пысықталды. Жараланған адамды ғимараттан алып шығу және оған алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері практика түрінде қарастырылып, жалпы дайындық деңгейі бағаланды.
Өз тілшіміз