Мақат ауданында 120 адам тұрғын үймен қамтылмақ

фото: редакция архивінен алынды
(0 Votes)

Бұл туралы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою тізіміндегі азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Мақат кентінде үш қатарлы 60 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысы қолға алынды. Биыл үйлердің сыртқы инженерлік желілерінің құрылысы жүргізіледі. Екі тұрғын үйді де келер жылы пайдалануға беріп, 120 адамды тұрғын үймен қамту жоспарланып отыр,- деді Р.Ибрагимов.  

 
Аудан әкімінің айтуынша, келер жылы ауданда Доссор кентінен «NCOC» мекемесінің демеушілігімен үш қатарлы 60 пәтерлік бір тұрғын үй құрлысын салу жоспарланып отыр.

 
Айта кетейік, қазір Мақат ауданы бойынша 722 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Соның ішінде 94 адам тұрғын үйі апаттық жағдайда деп танылған азаматтар санатында.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT