Бұл туралы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аудан әкімінің айтуынша, биыл ауданда тұрғын үй салу үшін инженерлік инфрақұрылым желілерін жүргізуге құрылыс жұмыстары бастау алмақ. Нақтылай айтсақ, Доссор кентінен 564 жер учаскесіне және Байгетөбе ауылдық округінің №402 бекетіне 348 жер учаскесіне жеке тұрғын үй салу үшін бөлінген жер телімдеріне инженерлік инфрақұрылым желілерін, яғни газ, су, электр желісін жүргізуге құрылыс жұмыстары басталды. Ол толықтай келер жылы аяқталады деп күтілуде.
-Сондай-ақ Доссор кенті Ә.Мантаев көшесінде орналасқан 27 көпқабатты үйлердің аллеясына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, «Республика күні» мерекесі қарсаңында пайдалануға берілді. Сондай-ақ, «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен «Атырау-Ақтөбе» республикалық маңызы бар автокөлік жолында «Байбақты Атаға» ескерткіш орнату жұмыстары қолға алынды,- деді Р.Ибрагимов.