Бұл туралы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 303 миллиард 622 миллион теңгеге жетіп, былтыр осы мезгілмен салыстырғанда 3,2 есе өскен. Ауданда инвестициялық жобаларды іске асыру бағытында 402 миллиард 68 миллион 500 мың теңге болатын 2 жоба іске қосылмақ.
-Аудандағы екі жобаның біріншісі – қуаттылығы 48 мегаваттық Атырау-Мақат тас жолының оң жақ бетінен желдің күшімен электр энергиясын өндіретін қондырғылардің құрылысы. Жобаның құны 23 млрд 668 млн 500 мың теңгені құрайды. Құрылыс кезінде 15 адам жұмыспен қамтылып отыр. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін 50 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделуде. Аталған жоба 2023 жылдың басында іске қосылады деп жоспарлануда. Екінші жоба – «GPC Investment» ЖШС-не тиесілі Ескене елді мекені аумағынан Қашаған кен орнынан келетін жылына 1 млрд текше метр қуаты бар газды дайындау кешенді қондырғысы. Жоба құны 1 млрд 250 млн долларды құрайды. Құрылыс жұмыстары кезінде 435 адам жұмыспен қамтылып, жоба толық іске қосылғанда 450 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Жобаның аяқталу мерзімі 2024 жылдың екінші жартыжылдығы,- деді Р.Ибрагимов.