«Мақат-Атырау» бағытында автобус қатынайды

(3 Votes)

Бүгін «Мақат-Атырау-Мақат» бағытында жолаушыларды тасымалдау автобусы жолға шықты. «ILN WEST SERVICE» ЖШС-сі сынақ мерзімімен өз жұмысын бастады.

Жолаушыларды жаңа 45 орындық «Daewoo» маркалы автобусы тасымалдайтын болады. Жолақы – 700 теңге. Жолаушыларды тасымалдау үшін Мақаттан қалаға қарай таңғы сағат 08:00-де теміржол вокзалынан қозғалса, Атыраудан кері бағытта кешкі сағат 18:00-де автобекет маңынан жүреді.

Автобус аптаның жеті күнінде де демалыссыз қатынайтын болады. Билеттерді автобустан немесе автобекеттен алуға болады. Жол ұзақтығы 1 сағат 50 минутты құрайды. Бірақ, бұл - сынақ кестесі. Алдағы уақытта маршруттардың қозғалу уақыты мен мезгіліне өзгеріс енгізілуі мүмкін. «Халықпен ақылдасамыз, мүмкін күндіз тағы бір рейс қосуымыз мүмкін. Доссордан тікелей рейс жоқ. Құлсары және Мақаттан жүретін маршруттар Доссордан өтетін болғандықтан, маршрут шығаруға негіз жоқ болып отыр. Алдағы уақытта Доссор кентіне диспетчер ұстау ойымызда бар»,- дейді мердігер мекеме өкілі.                                                                  

Бір ескере кететін жайт жолда автобуста орын болса, Доссор кентіне аялдап, жолаушыларды ала кетеді. Ал, егер автобус іші лық толы болса, Доссорға соқпайды.   

img_8315         

Ашылу салтанатында аудан әкімі Шәкір Кейкин тұрғындарды құттықтап, игі іс, тиімді жобалар алдағы уақытта жалғасын табатынын жеткізді. Сондай-ақ, Қалам Жаңғабылов ақсақал бата беріп, жолаушылардың алғашқы сапарына сәттілік тіледі.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT