ОРТАҚ МАҚСАТҚА БАСТАР ЖОЛ

ОРТАҚ МАҚСАТҚА БАСТАР ЖОЛ
(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін стратегиялық құжат. Онда халықтың әл-ауқатын арттыру, білім мен медицина сапасын көтеру, шағын бизнесті қолдау және өңірлерді дамыту сияқты маңызды бағыттар айқындалған.

Президент атап өткендей, басты мақсат – әділетті қоғам мен қуатты мемлекет қалыптастыру. Ол үшін азаматтардың өмір сапасын жақсарту, жастарға сапалы білім мен жұмыс мүмкіндігін ұсыну, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздік пен цифрлық даму да басты назарда.

Жолдауда көрсетілген міндеттер – ортақ мақсатымызға бастар жол. Әр саланың маманы осы бастамаларға үлес қосып, ел дамуына өз еңбегімен серпін беруге тиіс.

Бірлік пен жауапкершілік болған жерде – жетістік те, жарқын болашақ та бар. Ендеше, әрқайсымыз өз ісімізге адал болып, ортақ Отанымыздың өсіп-өркендеуіне үлес қосайық.

 

К.Ищанғалиев,

аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT