"Менің Қазақстаным" экочелленджі

"Менің Қазақстаным" экочелленджі
(0 Votes)

25 қазан - Республика күніне орай "Таза Қазақстан" акциясы аясында "Менің Қазақстаным" челленджі өтті.

Республикалық деңгейде өткен шараға Темірхан Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері қатысты.

Шараның басты мақсаты - жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіру және экологиялық тазалықты насихаттау болды. Челлендж барысында студенттер мәдени ескерткіштерді тазалап, айналасын қоқыстан тазартты. Қатысушылар ел игілігі үшін табиғатты таза ұстау әрбір азаматтың борышы екенін атап өтті.

"Таза табиғат - таза болашақ!" деген ұранды алға тарта отырып, студенттер Қазақстанның экологиялық келешегі үшін өз үлестерін қосудың маңызын тағы бір дәлелдеді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT