Аудан әкімдігінде өткен актив жиынында аудан әкімі Шәкір Кейкин жаңадан тағайындалған аудандық полиция бөлімінің басшысымен таныстырды.
Полиция подполковнигі Асхат Гайдарұлы Арыстанов Атырау облысына дүниеге келген. Жоғары білімді маман тағайындалғанға дейін құқық қорғау саласында мол тәжірибе жинақтаған.
1999 жылы Жылой аудандық ішкі істер бөлімінің Теңіз бөлімшесінде қылмыстық тергеу бөлімі іздестіру тобының жедел қызметкері болып бастаған А.Арыстанов кейін аға қызметкер, Атырау қаласында криминалдық полиция тобында бөлім басшысының орынбасары, Мақат, Жылыой аудандарында криминалдық полиция бөлімшесінің басшысы қызметтерін атқарған.
2014 жылдан-2018 жылдар аралығында Қызылқоға аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы қызметінде, 2018 жылдан күні бүгінге дейін Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің басшысы қызметінде болды.
Аудан басшысы жаңа тағайындалған Асхат Арыстановтың қызметіне сәттілік тілей отырып, бірқатар тапсырмалар жүктеді.
"МТ"