Атыраудан екі ұйым «Таңдау» республикалық сыйлығының жеңімпазы атанды

Атыраудан екі ұйым «Таңдау» республикалық сыйлығының жеңімпазы атанды
(0 Votes)

Астанада XII Азаматтық форум аясында «Таңдау» республикалық қоғамдық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Бұл жыл сайынғы сыйлық дәстүрлі түрде елдің әлеуметтік дамуына, азаматтық қоғам институттарын нығайтуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға елеулі үлес қосқан үкіметтік емес ұйымдарға табысталады.

Биылғы жылдың лауреаттары қатарында Атырау өңірінің үкіметтік емес ұйымдары да бар:

– «Жастар бастамалары мен белсенділігі» номинациясы бойынша «B-elsendi» қоғамдық қорының төрағасы Дулат Шыманов жеңіске жетті;

– «Технологиялық инновациялар мен цифрлық қоғам» номинациясы бойынша Қазақстанның білім беру және спорттық робототехника федерациясы – «KazRobotics» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының жетекшісі Асқар Алдан жеңімпаз атанды. Еске сала кетсек, «KazRobotics» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырауда JasUp STEAM білім беру жобасын жүзеге асырып отыр.

Бұл жетістік — өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігінің және қоғам дамуына қосқан үлесінің айқын дәлелі.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT