МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ - ЖАСТАР ТАҢДАУЫ

(0 Votes)

Департамент басшысы Нұрлан Еркебаев С.Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетінің «Ақпараттық технологиялар» факультетінің бітіруші түлектерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында бітіруші түлектермен еркін форматта сұхбаттасып, мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар мен жастар үшін жаңа мүмкіндіктер туралы баяндады.

2024 жылы конкурстан тыс тағайындалған үздік түлек Аралбай Дулат Берікұлы да сөз алып, мемлекеттік қызметке келудегі алғашқы тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу соңында түлектер мемлекеттік қызметке кіру рәсімдері, іріктеу кезеңдері және кәсіби дамуға қатысты сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды.

Атап өту қажет, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 3,33 GPA жоғары бітірген түлектер аудандық және ауылдық округтердегі төменгі лауазымдарға конкурстан тыс тағайындала алады.

Осы ретте, 2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін аталған тәртіппен 23 түлек конкурстан тыс тағайындалған болатын.

                                                                             

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

 

Атырау облысы бойынша департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT