Газет ұжымы алғысқа бөленді

(0 Votes)

Бүгінгі нарықтық заманда өмірді байланыс және бұқаралық ақпарат құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Мемлекетіміздің абыройын асқақтатып, жан-жақты даму жетістіктерін насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі қашанда жоғары.

Бүгін 28 маусым – Байланыс және Ақпарат қызметкерлерінің күніне орай аудан әкімдігінің кіші залында «Maqat tynysy» газеті ұжымын құттықтау жиыны өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Мұратұлы қатысып, редакция ұжымын төл мерекемен құттықтады. Аудан әкімінің атынан газеттің бас редакторы Гүлзада Есмырзақызына және "Аtyray" телеарнасының аудандағы меншікті телеоператоры Бейбіт Жалмұхановқа алғыс хат пен сыйлыққа кітап табыс етті.

Бұл құттықтауға «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Қонысбайұлы да қосылып, жемісті жұмыс, телегей табыс тіледі.

i

i

«Жергілікті «Maqat tynysy» газеті ауданымыздың рухани шамшырағы, ғұмыр айнасы екені баршамызға белгілі. Аудан көлемінде болып жатқан саяси-мерекелік шаралар мен игілікті істердің еш кідіріссіз газет бетінде жарық көруі тұрғындарды ерекше ықыласқа бөлейді. Ауданымыздың тілшілер қауымы қоғам тарапынан артылған маңызды жауапкершілікті абыроймен атқаруда. Сіздер арқылы аудан халқы тың жаңалықтар мен қажетті ақпарат алады. Еліміздің татулығы мен тұрақтылығының өрістеп-өрлеуінің қарқынын паш ететін журналистер қашанда құрметке лайық»,- деп аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов жиынды қорытындылады.

М.Ізтұрғанова,

суреттер: А.Садыковтікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT