КӨЛІК ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТ БИІГІНДЕ

КӨЛІК ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТ БИІГІНДЕ
(0 Votes)

Аудан әкімдігінде Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі көлік полициясының құрылған күніне орай салтанатты іс-шара өтті.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин құттықтау сөз сөйлеп, полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігінде атқарар еңбегі орасан зор екендігін айтты.

Сондай-ақ, аудандық желілік полициясы бөлімшесінде елеулі еңбек етіп, құқық қорғау саласының дамуына өз үлесін қосқан ардагерлер мен қызметкерлерді аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен және “Мақат ауданына 100 жыл” мерекелік меделімен марапаттады.

Одан әрі, аудандық мәслихат төрағасы Азамат Шаңғалаев сөз алып, аталмыш салада қызмет еткен ардагерлерге аудандық мәслихаттың алғыс хаты мен арнайы сыйлықтар және “Мәслихатқа 30 жыл” төсбелгісін табыс етті.

Ә.ҚАСЫМ

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT