Жарайсың, Жанель!

Жарайсың, Жанель!
(0 Votes)

Жақында Атырау қаласында білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығының ұйымдастыруымен «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасы өтті.

Аталмыш олиипиаданың мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттай отыра, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту болып табылады.

7-11 сынып оқушылары арасында өткен байқауға аудан бойынша Л.Шахатов атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Жанель Нұрлыбекқызы қатысып, үздік үштіктер қатарынан көрінді. Ол «Бейнелеушілер» бағыты бойынша бақ сынап, нәтижесінде екінші орын иегері атанды.

Осы ретте суретшінің жетекшісі Л.Шахатов атындағы орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Гүлжанат Киікбайқызы Жанель болашағынан зор үміт күттіретін оқушы дейді.

Ж.ГҮЛДАНА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT