Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Азамат Мәмбетовтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс отырысы өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудан әкімінің кеңесшісі, аудандық полиция, төтенше жағдайлар және дербес бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Жанболат Көкембаев мәлімдеме жасап, аудан бойынша білім саласындағы проблемалық мәселелер мен алдағы жұмыстар есебін баяндады.
Одан әрі аудандық Мансап орталығының директоры Айбол Бағытов аудан бойынша әлеуметтік қолдау шаралары турасында ақпарат беріп өтті.
Жиын соңында аудан әкімі Азамат Саматұлы мектептердегі түзу кабинеттерінің жұмысын жандандыру, орта мектеп және балабақша ғимараттарының сапасын бақылау, бос ваканциаларды уақытылы жариялау, бір адамның бірнеше лауазымды қоса атқаруын болдырмау, қайтарымсыз грантты тиімді мақсатты пайдалануды бақылау, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту бойынша жүйелі жұмыстар ұйымдастыру, “Ұлттық жоба” бойынша жұмыстарды оңтайландыру, телеграмм чатқа уақытылы жауап беру туралы жауапты бөлім басшыларына тапсырды.
Ботакөз Асхатқызы
Суреттер автордікі