Күмбірле, сазды домбыра!

(0 Votes)

Ұлттық домбыра күніне орай аудандық №6 Мақат кітапханасында «Күмбірле сазды домбыра» атты тағылымды шара өтті.

Қазақтың киелі аспабы – домбыраның үнімен өрілген бұл шараға мектеп мұғалімдері, оқушылар сондай-ақ кітапхананың тұрақты оқырмандар қатысты.

Шара барысында домбыраның шығу тарихы кеңінен баяндалып, оның ұлттық мәдениеттегі орны мен маңызы туралы мәліметтер берілді.

Кештің шарықтау шегінде домбыра шеберлері «Той бастар», «Тепен көк», «Кеңес» сынды дәстүрлі күйлерді орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Осы ретте кітапхана ұжымы өз кезегінде өнер көрсеткен домбырашыларға ризашылығын білдіріп, қатысушы оқушылар мен жетекшілері Алма Абдулова мен Наташа Исалиеваға алғыс хат табыстады. Сонымен қатар, кеш соңында барлық өнерпаздарға естелік сыйлықтар үлестірілді.

Айта кетейік, домбыраның қоңыр үнімен әрленген бұл кеш көрермен көңілінен шығып, ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттыра түсті. Мұндай шаралар жас ұрпақтың бойына мәдени мұраға деген құрмет пен рухани құндылықтарды сіңіруде ерекше маңызға ие екені сөзсіз.

Г.Жұбанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT