Домбыра - қазақтың қасиетті ұлттық мұрасы

(0 Votes)

Домбыра – халқымыздың жүрегінен шыққан сыр, ұлт руханиятының қайнар көзі. Бұл қасиетті аспапты құрметтеу – тек өткенге тағзым емес, болашаққа аманат деп білеміз.

 Л. Шахатов атындағы мектебімізде жас ұрпаққа ұлттық мұрамыз – домбыраны үйретіп, оның тілімен сөйлету жолында еңбек етіп келемін. Әсіресе, түрлі ұлт өкілдерінің осы аспапқа қызығушылық танытып, оны меңгеруге талпынуы – ел бірлігінің, мәдениетке деген құрметтің айқын дәлелі.

Скоп Арианна, Енина Зинаида, Михайлова София секілді шәкірттеріміздің «Балбырауын», «Кеңес», «Жастар биі» сынды халық күйлерін нақышына келтіріп орындауы – еңбегіміздің жемісі. Бұл – тек күй үйрену емес, бұл – ұрпақ бойына ұлттық тәрбие мен рухани байлықты сіңіру.

Домбыра күні – әр қазақтың кеудесіне мақтаныш сезімін ұялататын айтулы мереке. Ұлттық аспабымызды насихаттай отырып, жас ұрпақтың бойында ұлттық сана мен рухты қалыптастыру – басты мақсатымыз.

Алма Лесқызы,

Л.Шахатов атындағы орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT