Құрылыста қарқын бар

Құрылыста қарқын бар
(0 Votes)

Спорт инфрақұрылымын дамыту – өңірдегі дене шынықтыру мен бұқаралық спорттың дамуына, кәсіби спортшыларды даярлауға және халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды бағыттардың бірі.

Осы ретте аудан әкімі  Азамат Мәмбетов Бәйгетөбе ауылдық округінде салынып жатқан 140 орындық дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінің құрылысымен танысты.

Аудан әкімі нысанның құрылыс сапасына баса назар аударып, уақытылы аяқтауды тапсырды.

Аталмыш спорт кешенінде жаттықтырушылар, дәрігерлер, күзетшілер бөлмесі, бокс, күрес залы мен спортзал, сондай-ақ, ерлер мен әйелдерге арналған киім ауыстыру және жуыну бөлмесі қарастырылған.

Сонымен қатар, ғимарат аумағы тренажерлар, футбол алаңы, автотұрақ және жарық шамдармен қамтылған.

Қазіргі таңда спорт кешені құрылысының 80 пайызы аяқталған.

Жауаптылардың сөзінше, аталған жұмыстарды қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда.

Ә.ҚАСЫМ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT