Кітапқұмарлар арасында сайыс ұйымдастырылды

(0 Votes)

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Білімнің салтанат құруы» бағытының негізгі міндеттерінің бірі – азаматтардың білім деңгейін арттыру. Осындай мақсатпен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында аудандық кітапханада «Рухани бай бол» атты шара өтті. 

Кітапқұмар азаматтардың санын көбейту, оқу мәдениетін қалыптастыру және 2007 жылдан бастау алған «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында жалпыхалықтық оқуға ұсынылған үздік шығармаларды насихаттау мақсатын көздеген шараға «Мақат мәдениет үйі», «Доссор мәдениет үйі», «Жастар ресурстық орталығы» және «Тірі классиктер» командалары қатысып, өзара бақ сынасты.

Олар алдымен «Блиц-сұрақтар» кезеңінде акция аясында биылғы жылғы таңдалған шығармалардың авторы Төлен Әбдіктің өмірі мен шығармашылығын қаншалықты жақсы білетіндіктерін көрсетті. Екінші турда 2007 жылдан бергі таңдалған кітаптар мен авторларға қатысты тест сұрақтарына жауап беріп, үшінші турда экранда берілген фотосуреттерге қарап шығарманы немесе ақын-жазушыларды тапты. Ал соңғы кезеңде әр топ екі-екіден берілген логикалық сұрақтардың шешімін табулары керек болды.

Ойын қорытындысы бойынша бірінші орын ұстаздардан құралған «Тірі классиктер» тобына, екінші орын «Доссор мәдениет үйі», үшінші орын «Мақат мәдениет үйі» ұжымдарына берілді. Ал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» командасына алғыс хат табысталды.

Барлық қатысушыларға аудандық кітапхана атынан естелік сыйлықтар мен дипломдар берілді.

А.Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521