Мақат ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, №8 өрт сөндіру бөлімі аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен автокөліктердегі өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында «ГАЗБАЛЛОН» атты профилактикалық шара өткізді.
Автокөлік иелеріне өрттің пайда болуы мүмкіндігін төмендету үшін, жеке автокөліктің техникалық жарамды күйінде сақтау, зауыт нұсқауы талаптарына сәйкес пайдалану мен қызмет көрсету, электр жүйесіндегі барлық өзгерістер мен толықтырулар сапалы түрде арнайы мекемелерде жүргізілуі, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі түсіндіріліп, өрт сөндіргіштері тексерілді.
Автокөлік иелеріне «Автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі» тақырыбында жадынамалар таратылды.
Қ.Қыдырбайұлы,
Мақат ауданының ТЖБ аға инженері