Доссорда ретро-фестиваль өтті

(0 Votes)

 Доссор кентінде дәстүрге айналған «Сағындырған әндер-ай» атты ретро-фестиваль өтті. 

Жұртшылықты ескі әндермен сусындату мақсатында ұйымдастырылған ретро-кешті кент тұрғындары көптен күткен еді. Мәнді де ойнақы әуендер әуелеген кеш тамаша сәттерді тағы бір еске түсіруге мүмкіндік берді.

Кеште Атыраудан арнайы келген «Sky band» эстрадалық-джаздық оркестрі мен жергілікті әншілер көпке танымал туындыларды шырқады. Атап айтар болсақ, Қайырбек Бағытов «Шынарым», Жұлдыз Бекболат «Махаббат жалыны», Ербұлан Бөрібаев «Дүнген қызы», Ақболат Отаубай мен Айымгүл Сүйеубаева «Мираж», Шакизада Қонысбаева «Жүрек жарасы», Асылбек Ахметов «Лейла», Айгүл Жұмағалиева «Шақырады көктем», Жанат Өтепова «Көктем вальсі», Жасталап Жұмағалиев «Әдемі-ау», Жасұлан Сисембаев «Көршінің қызы», Айзада Сейтова «Ақ жайнақ», Күміс Қарабалиева мен Темірхан Төлешқалиев «Айгөлек», Мұрабек Галиев «Ақмаралым», Қалықыз Ерманова «Луна-Луна», Данир Еримов пен «NST» дуэті «Армандамын», Айгүл Аманжолқызы «Аппақ гүлдер» әндерін шырқады. Ал эстрадалық-джаздық оркестр концерт ортасында халықты серпілтіп алып, соңында кештің әдемі нүктесін қойды. Оларға тәнті болған көрермендер әндерді қосыла шырқады.

Сахнада өнер көрсеткен фестивальдің әр қатысушысына Доссор мәдениет үйінің атынан алғыс хат пен қаржылай сыйақы табысталды.

А.Жұмабекұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT