Қаламның ұшында ғалам бар

(0 Votes)

Бұл журналистер қауымына арналған сөз. Қоғамның мұңын, ғаламның жүгін арқасына ауырсынбай артып алып, көз көріп, құлақ естіген ақпарды сұңқардай іліп, тұлпардай желіп заманмен көшіне ілесіп келеді.

28 маусым туғанда, төртінші билік тұғырында тұрған ақпарат құралдары, томағасын сыпырған қырандай көкке самғап алатын жайы бар. Ол күн ресми түрде «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні» деп аталады.

Бұрын Тәуелсіз Қазақстанның журналистикасы күні 10 мамырда атап өтіліп келді. Себебі 1870 жылы дәл осы күні қазақ тіліндегі алғашқы басылым - «Түркістан уәлаяты» газетінің алғашқы саны жарық көрген еді. 1997 жылы бұл дата өзгертіліп, журналистердің кәсіби мерекесі БАҚ туралы қазақстандық алғашқы заң шыққан күн 28 маусымға белгіленді. 2012 жылдан 28 маусым - Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні болып аталып өтіп келеді.

Тарихқа зер салсақ, қазақ баспасөзі халықтың саяси ой-пікірін оятып, дүниетанымын байытуға едәуір әсер етіп келеді. Газеттің ақпарат жеткізуші, үгіт-насихат саласындағы қызметі жөніндегі А.Байтұрсыновтың: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды» деуі, газеттің әлеуметтік-қоғамдық өмір саласындағы алатын орнын, қызметін нақты бағалаудан туындаған.

Өз шығармашылығы арқылы қоғамға да, адамға да қызмет ететін, ешқашан қателесуге болмайтын, қашанда жаңаның, жаңалықтың жақтаушысы, қолдаушысы бола алатын адам - ол журналист. Олардың қажырлы еңбегі ақпараттық кеңістікті, қоғамдық пікірді қалыптастырып, адами құндылықтарды бұқараға жеткізеді.

Кәсіби мереке тұсында елге тілегіміз - еліміз тыныш, тынымсыз еңбекке толы әр күніміз сәтті болғай деп тілейміз!

өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT