Есіргеннің есін алар дерт

(0 Votes)

«Қазақстан Жылдам! Биік! Мықты!» ұранын ұстанған аудандық мәдениет үйінің ұжымы «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясына атсалысты. Болашақ Қазақстанға - салауатты ұрпақпен қадам басуды мақсат еткен жастар салауатты өмірді насихаттады.

Нашақорлық бүгінде ұлт, әлеуметтік жағдай таңдамайтын болды. Есірткіге құмарлық соңы тәуелділікке ұласады. Ең дұрыс тәсілі - оларды ешуақытта татып көрмеу. Бұл жөнінде аудандық орталық аурухананың нарколог-дәрігері Л.Нәукенбаева «Есірткі-қоғам дерті» тақырыбындағы лекциясында баяндады. Дәрігер есірткінің құрамы мен оның адам ағзасына тигізер кері әсері,қоғамға төндірер қатеріне кеңірек тоқталды.

Лекция соңынан мәдениет үйінің көркемөнерпаздары«Үш пәледен аулақ бол» атты көрініс қойды. Жастар тақырыпқа сай сауалдардың жауабын тауып, соңынан «Нашақорлыққа жол жоқ!» ұранымен флешмоб биледі.

Г.ҚАНАТОВА сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521