Партия жанынан бақылау бар

(0 Votes)

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалыныың мәжіліс залында партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде партияның партиялық бақылау комиссиясыың 2017 жылғы атқарылған жұмыстарының қорытындысы туралы комиссия төрағасы Ж.Тәжібаев баяндап өтті.

Депутаттық фракция жанындағы құрылған комиссия және партиялық бақылау комиссия мүшелері бірлесіп, ауданда жүріп жатырған күрделі жөндеу жұмыстарына берілген қаражаттың тиімді жұмсалуына бақылау жүргізіп келеді. Сондай-ақ, партия жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ының атқарылған жұмыстары туралы жастар қанатының төрайымы А.Қаржауова: -«Жас Отанның» басты мақсаты-аудан жастарын жаңа қырынан көрсетіп, талантты жастарды қолдау және уақыттарын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын қалыптастыру, патриоттыққа баулу,партия жүктеген міндеттерді іске асыру, партия жұмысына белсене араластыруға мүмкіндік жасау болса, өткен 2017 жылы жастар саясатын аудан көлемінде дамыту мақсатында әр түрлі бағытта 83 шара өткізіліп, 5180 жас қамтылды, – деді.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің атқарған жұмыстарының есебі туралы басшысы Т.Іңірбай баяндама жасады. Бөлім 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2017 жалпы бөлімге халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 315 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қазіргі таңда бөлімде көрсетілетін қызметтерде өзгерістер болуына байланысты әр тоқсан сайын мекемелерде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта, бас жоспар бекітілгеннен кейін, жер учаскелері және халыққа қызмет көрсету нысандары бас жоспарға сай берілетін болады Комиссия отырысында қаралған мәселелер туралы сұрақтар, ұсыныс-пікірлер айтылып, отырыстың қаулысы қабылданып, қаперге алынды.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521