79 азаматқа көмек көрсетілді

(0 Votes)

Халқымыз «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», дейді. Қайырымдылық – адамгершілік белгісі. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осындай игі істер ауданымызда жиі ұйымдастырылып тұрады.

«Қарапайым азаматтардың сұранысы мен ұсыныстары – ұдайы назарда. Әрқайсысының өтініш-ұсынысы, арыз-шағымы, арман-тілегі әртүрлі. Қазіргі әлемді жайлаған ауыр дерт дендеп тұрған шақта олардың үміттері ақталып, сенімдеріне сызат түспесін деген тілегіміз зор» дейді бізбен хабарласқан аудан әкімінің орынбасары Оксана Айкашева.

Әсіресе, қазір халықтың мұң-мұқтажы карантиндік шектеулерге қатысты өсіп кетіп отыр.

1aacc99e-7c10-46e3-ba6c-d43f4b64ecb4

Десе де, әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, көтерілген өтініш-тілектерінің орындалуы үшін аудан әкімдігі жомарт жанды демеушілер көмегін ұйымдастыруды қолға алған.

Әрине, алдымен аз қамтылған отбасыларды қамту ескерілген. «Бүгінгі күні негізгі облыс орталығымен қатынас құралы – пойыз болып табылатын ауданға қарасты Ескене, Таскескен елді мекен және 441-бекет тұрғындары үшін жергілікті атқарушы әкімдік демеушілік есептен әлеуметтік қолдаулар ұйымдастырды. Атап айтсақ, Ескене кентінде 30 түтінге, Таскескен ауылында 9 түтінге азық-түлігі бар көмек пакеттерін волонтерлардың көмегімен жеткізілді.

Бұл көмекпен Доссор және 441 разъездің әлжуаз топтағы 40-қа жуық тұрғыны, ұзын саны 79 азамат қамтылып отыр» деді О.Айкашева.

Е.МЫРЗА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521