Ерекше балаларға арналған мерекелік ертеңгілік өтті

(0 Votes)

 Бала біткенге қуаныш сыйлайтын жаңа жылдық шырша салтанатының орны қай кезде де ерекше. 26 желтоқсан күні «Бақ-Ырыс» мейрамханасында ерекше балаларға арналған жаңа жылдық кеш ұйымдастырылды. 

Үлкен залдағы зәулім шырша, түрлі мультфильм кейіпкерлері, сәнді бишілер мен әншілер, басты қонақ Аяз ата мен Ақшақар. Бұның бәрі кішкентай балғындардың қуанышы үшін жасалған дүниелер. Бүлдіршіндер де түрлі кейіпкерлерді бейнелейтін шырша киімдерін киіп, мәре-сәре болды.

Аталған мерекелік думанға аудан әкімі Ринат Ибрагимов қатысып, ерекше балаларды және олардың ата-аналарын мерекемен құттықтады. Сондай-ақ ол әрбір отбасыға, әр балаға зор денсаулық, бақыт, табыс тіледі.

Ал, түрлі кейіпкер образына енген өнерпаздар балалармен бірге ойнап, би билеп, ән салды. Балалар ғана емес, ата-аналар да бір сәт сергіп, көңіл көтеріп қайтты.

Одан әрі жаңа жылдың басты сәні – жасыл шыршаны айналған балаларға тосыннан сый тарту еткен Аяз ата мен Ақшақар түрлі кейіпкерлерімен театрландырылған қойылымдарға кезек берілді. Балалар да өз өнерлерін ортаға салды. Ескі жылды ризашылықпен шығарып салған балақайлар жыл басын ыстық ықыласпен қарсы алды. Ертегі желісіндегі мән мен ән, талғам мен сән де әдеттегі қойылымдардан өзгешеленген бұл думан көптің көңіліне ұмытылмастай әсер қалдырды.

Айта кетейік, балаларға бақытты сәт сыйлаған шыршаға 250 ерекше бала қатысып, қуанышқа бөленді. Салтанат барысында осынша балаға «NCOC» компаниясының демеушілігімен тәтті толы жаңа жылдық сыйлықтар мен қаржылай сертификаттар үлестірілді.

Ә.Қасым

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521