№377 Бекетке газ берілді

(0 Votes)

 Бәйгетөбе ауылдық округіне қарасты №377 бекет тұрғындарының тілегі орындалып, газ берілді. 

Аудан орталығынан 17 шақырым жерде орналасқан бекет тұрғындары осы уақытқа дейін көмір жағып келген еді. Мұндағы халықтың саны 50-ге жеткенде ғана жергілікті әкімдік көгілдір отын жүргізуді қолға алып, ол үшін бюджеттен бар болғаны 13 млн теңге жұмсалды. Өйткені газ құбыры іргеден өтіп жатыр. Нәтижесінде 2 шақырым желі тартылып, газ стансасы мен реттегіш пункт орнатылды. Орта қысымды газ құбырының ұзындығы 1300 метр болса, төменгі қысымды газ құбырының ұзындығы 700 метр. Мердігер мекеме жұмысты былтыр қазанда бастап, желтоқсан айында аяқтады. Осылайша аудан бойынша ауылдарды газбен қамту үлесі 98 пайызға жетті.

“1969 жылы Жамнсордан көшіп келдік разъездге блокпост болғанда. Содан разъездде тұрамыз. Осы уақытқа дейін отын жақтық. Отпенен тамақ пісіріп іштік. Биыл енді міне 2024 жылдың басында газ келіп жақсы рахаттанып жатырмыз”, - деді №377 бекет тұрғыны Қарылға Айтимова.

Бекеттегі 10 үйде 58 адам тұрады. Ауыл тұрғындарының дені - теміржолшы, кейбірі мал шаруашылығымен айналысады. Олардың ендігі тілегі - ауылға су құбырының тартылып, жолдың салынуы.

М.Ізтұрғанова

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521